Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Ерлер мінген арғымақ»

30 Қараша 2018 16:30

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау қорытындысы бойынша, балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін, ұлттық ат спорт түрлерін таныту мақсатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Ерлер мінген арғымақ» экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында «Қайрат» ұлттық ат спорт түрлері бойынша БЖСМ ат спорты базасында таралып келе жатқан спорт түрлері бойынша мастер-класс өткізілді.

Майқұдық аула клубтарының 30 астам жасөспірімдері үшін спорт мектебінің жаттықтырушылары өңірдегі ұлттық спорт түрлерін таныту мен дамыту, тарихы туралы әңгімеледі. Балаларға жаттықтырушылардың бақылауымен атты ерттеуге және өздерін батыр сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар садақпен, найзамен қаруланған салт атты – ол көшпенді халықпен құрылған қуатты империяның тарихына кірген өзіндік дәуір символы болғаны туралы әңгімеледі. Балаларға спорт мектептерінің қатысуымен «Аударыспақ», «Көкпар», «Жакмбы ату», «Теңге алу» бойынша көрсетілімдер қойылды.

Қатысушылар өткізілген мастер-классқа риза болды және ұлттық ат спорты түрлерімен шұғылдануға қызығушылық танытты.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина