Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамымен кездесу өткізді

30 Қараша 2018 17:31

Бүгін, 30 қараша күні Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу ҚР Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналды. Аталмыш мақалада Қазақ халқының тереңен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктеріне сондай-ақ, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған.

Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.

Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі елдің тарихы мен рухани мұрасы тарих кітаптарында ғана емес, біздің ортақ мәдениетіміздің негізі және әрқайсысының бөлігі болып табылады.