Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Елбасы және жалынды жастар»

30 Қараша 2018 18:09

Қарағанды жастары «Елбасы және жалынды жастар» атты ауқымды форумға қатысты. Аталған шараға Елбасымен бірге білім алып, қызмет жасаған замандастары, Қарағанды қаласының құрметті азаматтары, қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар, жас кәсіпкер Айбол Исабек, үш тілді меңгерген студент, өнерлі азамат Михуля Юрий, "Қазақстан барысы - 2018" жеңімпазы, ел мақтанышы, спортшы Ержан Шынкеев және қала белсенділері қатысты.

Іс-шара жастардың белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын нығайтуға, Қазақстанның әлемдік имиджін қоғамда оң қырынан танытуға және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуына бағытталды. Елбасы Н.А.Назарбаевтың өмір жолындағы бағыты мен ұстанымы форумға қатысушы студенттерге үлгі болды. Іс-шара барысында шақырылған жастар өздерінің жетістіктері мен қаланың дамуына қосқан үлесі және алдағы мақсаттары туралы сөз қозғады.

Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров форумда жастарға ыстық лебізін білдіріп, сәт-сапар тілеп, жігерлендірді. Сондай-ақ, алдағы «2019 жыл – жастар жылына» бастама жасады.

Іс – шараға Елордадан шақырылған кәсіби әртістер, қазақстан эстрада жұлдыздары "Arizona" хореографиялық ұжымы, "Baizhan group" вокалды-аспаптық квартеті өнер көрсетті.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында қаламыздың жастары «Жастар жылын» #NURQADAM_KRG хэштегін белгілеу арқылы халыққа насихаттайтын болады. Осы хэштег барысында қаламыздың әрбір жас тұрғыны жыл бойы әр түрлі қызмет саласындағы жетістіктері мен жеңістері туралы жарияланымдарын орналастыра алады. Акция қорытындысы 2019 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина