Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Тұңғыш Президент Күнімен!

30 Қараша 2018 19:53

Құрметті қарағандылықтар!

 

1 желтоқсанда барша Қазақстан еліміздің Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесін атап өтеді.

Бұл мереке барлық көпұлтты Қазақстанның бірлігі ретіндегі тарихи таңдау күні.

Бұл мерекенің маңыздылығы тағдырдың шешуші кезеңінде ел басқарған Елбасының тарихи еңбектерімен айқындалады. Өйткені бұрынғы кеңес республикаларының алдында күрделі тарихи тапсырмалар тұрды – дамудың қандай жолын таңдау және олардың әрқайсысы қиын жағдайлардан өз бетінше шығуға талпынды. Мемлекеттік басқарудың президенттік нысанын таңдаған Қазақстанның даму жолы айрықша оңтайлы және серпінді болды.

Біздің Мемлекет Басшысының саясаты - саяси тұрақтылықты әрі көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның бірлігін сақтай отырып, күрделі реформаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде экономиканы қалпына келтіріп қана қоймай әрі серпілісті өсудің ауқымды бағдарламаларын іске қосып, олар еліміздің әлемдік нарықтағы тұрақты қабілеттілігін қамтамасыз етті.

Осы барлық жылдарда Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік үрдіс арнасынан өтті. Қоғамдық-саяси өмірдегі өзінің жетістіктерімен, шексіз түрленуімен біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықты мойындатты және лайықты орын алды.

Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи әлемдік тарихтың ауқымды тұлғасы. Ол барлық елдердің қоғамдастықтарына мемлекеттің бейбіт, ядросыз саясаты туралы жариялай отырып, жоғары халықаралық деңгейге алып шықты. Бұны біздің еліміздің ірі саммиттерде төрағалық етуі және Қазақстанның БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесіне сайлануы айғақтайды. Қазіргі күні біз бұл табыстардың ең алдымен Ұлт Көшбасшысының көрнекті жеңісінің нәтижесінде қамтамасыз етілгенін толықтай құқықпен айта аламыз.

Осы күнді мерекелей отырып, біз Мемлекет Басшысына – біздің еліміздің құрылуындағы және дамуындағы біртуар тарихи еңбектеріне, оның дана және көреген саясатына құрмет көрсетеміз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек және саяси өмірі бастау алған қаланың барлық тұрғындары, кеншілері мен металлургтер, басқа да кәсіптердің өкілдері өңірге тұрақты көңіл бөлгені, олардың әл-ауқатына қамқорлық жасағаны үшін ел Президентіне алғыстарын білдіреді.

Сондай-ақ осы көңіл мен қамқорлық бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Бүгінде қоғамдық сананы болашақтағы дамудың маңызды факторы ретінде жаңғырту алға қойылған. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы барлық азаматтық қоғам үшін бастама білдіру үшін базалық алаңы болды.

Бұл ретте, өзінің ұлттық сәйкестігін, қазақстандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау үшін шыққан тегін есте сақтау қажет. Мемлекет Басшысы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор...» деп атап өтті.

Біздің еліміздің Президенті егеменді Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысқан, дүниежүзілік ауқымда біртуар саясаткер ретінде, барлық қызметі өз Отанына қызмет етудің айқын үлгісі болып табылатын тұлға болып тарихқа мәңгі енді.

Біздің отандастарымызға тыныштық, бейбітшілік және жақысылық тілейміз – осының барлығына мемлекет қайраткерінің зор таланты мен даналығы, халқымыздың шынайы ұлы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың адалдығы себеп.

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                   Н. Әубәкіров

 

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы                                 Қ.Бексұлтанов

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина