Қарағандыда
  • USD 370.49
  • EUR 421.06
  • RUB 5.54
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Тұңғыш Президент күнінде қарағандылықтар баспаналы болды

01 Желтоқсан 2018 10:05

Тұңғыш Президент күні Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қарағандылықтарға пәтер кілттерін табыс етті.  
Пәтерлерді кезекте тұрған әлеуметтік қорғалатындар санатындағы азаматтар алды: мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері - мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. Олардың кейбірі аталмыш қуанышты сәтті он жылдан астам уақыт күткен екен. Жәнеде армандары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында орындалып отыр. 
- Барлықтарыңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтағым келіп отыр. Дәл осы күні сіздердің армандарыңыз орындалып жатқаны – жақсылықтың нышаны. Шаңырақтарыңызда жылылық, жайлылық орнап, үйлеріңізге жаңа бақыт қонады деп ойлаймын. Біз Президентіміздің «Нұрлы жер» және «7-20-25» бастамаларының арқасында облысымызда және жалпы республикада белсенді түрде тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. Жәнеде жыл сайын бұл көлемді ұлға йта береміз,- деді Ерлан Қошанов облыс орталығындағы жаңа көпқабатты үйлерде пәтер кілтін табыс ете отырып.
Бұл үйде 130 пәтер бар. Ай сайын төленетін өтемақы құны баспананың көлеміне байланысты: бір шаршы метрі 736 теңге. Жалдама төлемін өтеп болған соң, тұрғындар оның иесі атанады. 
- Біз ауданы 91 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтер алдық. Ай сайын шамамен 67 мың теңге төлеп отырамыз. Осыған дейін көп жылдар бойы ай сайын 50 мың теңгеден төлеп, екі бөлмелі пәтерді жалдап тұрып келдік. Әрине бақыттымыз – енді бізде өз баспанамыз бар, екі баламыздың жеке бөлмесі бар, - дейді Тәттімбет атындағы өнер колледжінің қызметкері Жанар Нүркетаева. 
Жаңадан қоныстанушылардың айтуынша, бұл бағдарлама – қандай да бір себептермен ипотекалық несие ала алмайтындар үшін баспаналы болуға тамаша мүмкіндік. 
- Мен бірнеше рет банктерге бардым, ипотекаға пәтер алғым келді. Бірақ маған жалақым төмен болғандықтан, оң жауап бермеді. Жолдасым қайтыс болған, екі баламен жалғыз қалдым. Он жыл бойы кезекте тұрдым, осы күнге дейін енемнің үйінде өмір сүрдік. Бүгін міне, ең үлкен арманым орындалды – өзімнің баспанам бар. Ол бір бөлмелі, бірақ ас үйі өте кең. Балаларыма және маған осы да жеткілікті. Ай сайын оған 30 мың теңгеден төлеп тұрамын, мен үшін ол тиімді, - дейді Зоя Матюхина.