Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жаңа жыл түні қарағандылықтар мен қала қонақтарына арналған мерекелік отшашу дайындалуда

25 Желтоқсан 2018 14:39

Мәдениет және демалыс орталық саябағында қарағандылықтар мен қала қонақтарын мерекелік отшашу күтуде.

Қарағандылықтарды Жаңа жылмен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтайды.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан-1 қаңтар жаңа жыл түні сағат 01:00-03:00 аралығында саябақ жағалауындағы орталық сахнада би кеші ұйымдастырылады.

сағат 01.00-ден 02.30 аралығында «Жаңа Майқұдық» МҮ-де-«Жаңа жыл, құтты болсын!» мерекелік бағдарламасы, «Молодежный» МҮ-де «Қош келдің, Жаңа жыл!»мерекелік бағдарламасы, «Теміржолшылар» мәдениет сарайында «Жаңа жылда жарылқа» атты шоу бағдарламасын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мәдениет үйлерінің саябақтарынд мұз төбешіктерімен әрленген мұз қалашығы ашылады.

31 желтоқсан-9 қаңтар қысқы демалыс күндері аралығында Мәдениет үйлерінде және аула клубтарында таза ауада қысқы ойындар, спорттық жарыстар, көңілді старттар, зияткерлік, танымдық викториналар, қар фигураларынан конкурстар және конькиде сырғанау сынды спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина