Қарағандыда
  • USD 378.83
  • EUR 430.99
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағандыда спорттық жетістіктер мұражайы ашылды

27 Желтоқсан 2018 11:55

 

Қарағанды қаласында Нүркен Әбдіров атындағы Спорт сарайының ғимаратында спорттық жетістіктер мұражайы ашылды. Мұнда 1950-ші жылдан бастап осы күндерге дейінгі қарағандылық спорттың барлық тарихы бейнеленген.
Қазір стендтерде 200-ге жуық жәдігерлер ұсынылған: қарағандылық спортшылардың кубоктары мен марапаттары, естелік кәдесыйлар. Сондай-ақ танымал боксшылар Жиров пен Головкиннің қолғаптары, футболшы Финонченконың кеудешесі бар. 
Мұражайды құру идеясының бастамашысы Дене шанықтыру және спорт басқармасы болды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Спорттық керуеннің» қорытындысы деуге болады. Мұражайдағы топтаманы бүкіл қалалар мен аудандардан жинаған. Жәдігерлерімен спорттық мектептер және танымал спортшылар бөліскен. Экспозиция әрі қарай да толықтырылады. 
Мұражайдың ашылуында экскурсияны спорт ардагері Валерий Громов өткізді. 
- Міне, қараңыздар: Владимир Муравьёв пен Валентина Герасимованың сыйлығына өткізілген сайыстар. Бұл – біздің спорт жұлдыздарымыз. Владимир Муравьёв – жеңіл атлетика бойынша екі дүркін олимпиада чемпионы. 1980-ші жылы Мәскеуде өткен Олимпиадада екі қарағандылықтар өнер көрсетті: Муравьёв және Мазин, екеуі де алтын медаль ұтып алып келді. Біз үшін ол керемет оқиға болды, - дейді спорт басқармасының бұрыңғы жетекшісі. - Валентина Герасимова – жеңіл атлетиканың ханшайымы, әлемдік рекордшы, КСРО үш дүркін чемпионы. 
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 96 спорт түрі бар. Олардың әрқайсысында өз батырлары мен өз тарихы бар.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/24932

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина