Қарағандыда
  • USD 377.95
  • EUR 431.20
  • RUB 5.66
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жаңа жылда қарағандылықтар коммуналдық қызметтерді төлеуде 3,2 млрд үнемдей алады

28 Желтоқсан 2018 12:47

Жаңа жылда қарағандылықтар коммуналдық қызметтерді төлеуде 3,2 млрд үнемдей алады. Ол тарифтердің төмендетілуі арқасында мүмкін болады. 
Қазір облыс әкімшілігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келіссөздер жүргізуде. Президент тапсырмасы бойынша су, электр қуаты, жылу энергиясы, газ және басқа да қызметтердің бағасы төмендетілуі тиіс. 
Осылайша, Қарағанды облысында электр қуаты орташа есептегенде 8%, жылу және сумен қамту 5 %, лифті қызметтері 5%, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару 10%, баллондық газ 7% төмендейді. 
Пәтер иелері кооперативтері өз бағасын орташа есептегенде 3 % төмендетуге келісті. 
Бұған қоса, халық үшін көмір бағасы да төмендетіледі. Орта есеппен алғанда қарағандылықтар ір тонна үшін 2000 теңге азырақ төлейтін болады. 
Жалпы аймағымыздың тұрғындары коммуналдық қызмет үшін алдағы жылы 2018-ші жылмен салыстырғанда 3,2 млрд теңгеге азырақ төлейді. 

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/24944

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина