Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жаңа жалыңызбен!

29 Желтоқсан 2018 17:39

Қымбатты жерлестер!

         Ең қуанышты және сүйікті мереке – Жаңа жыл мейрамының үйлерімізге келуіне аз ғана уақыт қалды, бір – бірімізге, барлық туыс – жақындарымызға бақыт және береке тілейтін сәт те жақындады.

         Бұл бізді балалық шаққа қайтаратын мереке. Жаңа жыл қарсаңында әуеде қалықтаған сиқырлы сезім сіздермен мәңгі бірге қалсын.

         Жаңа жыл үміт пен ең елеулі тілектер орындалатын мереке. Сонымен артқа көз сала отырып, өтіп бара жатқан жылға қорытынды жасайтын уақыт. Ол үлкен істер мен оқиғаларға толы болды.

         Бүкіл елмен бірге қарағандылықтар ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында қойылған жауапты міндеттерді атқарды.

                Нәтижесі ретінде біз жылды өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта бизнес, басқа да әлеуметтік – экономикалық салалардағы жақсы көрсеткіштермен аяқтаймыз. Ал бұл әр отбасының өмір деңгейінің одан әрі жақсаруына негіз қаланды дегенді білдіреді. Жаңа жылда Елбасының «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауындағы тапсармаларды орындау жүзеге асады.

         Өткен жыл жарқын естеліктер және үлкен жетістіктермен есте қалуда. Біз астанамыздың 20 – жылдығын, Бұқар жыраудың 350 – жылдығын атап өттік және БҰҰ – да төрағалық еттік. Келесі жылы біздің қала 85 жылдық  мерейтойын атап өтетінін айта кетейік.

         Бүгінгі таңда барлық азаматтарға, барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға жемісті еңбегі  үшін, қаламыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіргіміз келеді.

         Жеңістер мен жетістіктер, түсіністік пен сенім, Қазақстанның бірегей және тамаша қаласы туған Қарағандымызға деген қамқорлық үшін ыстық ықыласпен алғысымызды білдіреміз. Бізді ортақ қамқорлық және ортақ қуаныш біріктіреді, ең жақын адамдардың ортасында ғажайыптарға деген үлкен үмітпен Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі біріктіреді. Қарағанды қаласының әрбір тұрғыны жұмыста, ғылымда, оқуда, шығармашылықта, қоғамдық өмірде өз әлеуетін іске асыру үшін барлық қажеттіні істеуді әрі қарай жалғастырамыз.

         Әр адам үшін Жаңа жыл – жаңа өмір бастауға, жаңа жеңістерге жетуге, алдына жаңа өршіл мақсаттар қоюға және өзін жақсы, мықты етуге тағы бір қадам. Ең бастысы – жеңіске сену. Барлық игі бастамаларымыз сәтті болсын.

 

                                 Құрметті қарағандылықтар!

      Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздер үшін ол мейірімді және жарқын болсын, үйлеріңізге қуаныш, сәттілік, болашаққа сенімділік әкелсін.

          Жақында біз Қарағандының жаңа мерейтойлық жылының 365 беттік кітабының бірінші парағын ашамыз. Оны бәріміз бірге жазайық.

          Жаңа жыл қуанышты күтуге және орындалған үміттерге, қызықты, көңілді оқиғаларға, жаңа танысулар мен жетістіктерге толы болсын.

          Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және игіліктер тілейміз.

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                                                         Н. Әубәкіров

 

 

Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы                                                                        Қ. Бексұлтанов

 

 

 

 

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина