Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жәрмеңкенің көмегі

29 Қаңтар 2019 16:48

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары және қонақтары!


Қарағанды қаласы әкімінің аппаратымен 2019 жылғы 31 қаңтарда сағат 15:00 бастап сағат 19:00-ге дейін электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау  және қарағандылықтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" және "электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында, Қарағанды қаласының №5 ХКҚО-да  Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультациялық-әдістемелік көмекті келесі мемлекеттік мекемелердің мамандары көрсететін болады:
1. «Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
2. «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» ММ;
3. «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ;
4. «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімі;
5. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
6. «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» ММ;
7. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ;
8. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ;
9. Қарағанды облысының Әділет департаменті;
10. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;
11. Қарағанды облысы Октябрь ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы ММ.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Қарағанды қаласы, 21 ықшамаудан, 6 үй мекенжайы бойынша №5 ХКҚО-да  жүргізілетін болады.
Барлығыңызды аталған ісшараға қатысуға шақырамыз.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина