Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қайырлы қызметтер

30 Қаңтар 2019 11:50

Ұлттық тәрбиенің ең асылы – ол қарттарымызға сый-құрмет көрсету. Себебі, қарты бар үй қазынаға толы. Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы жүйелі түрде "Ардағым - Ардагерім"атты кең ауқымды акциясын өткізеді. Акцияның негізгі мақсаты қарт адамдарға көмек көрсету мен қолдау, олардың мұқтаждықтары мен проблемаларына қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың назарын аудару, ықыласпен қарауын, жастардың бойында аға ұрпақтың еңбектегі ерліктерін мақтан тұту және құрмет сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
29 қаңтар күні Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ҚарМТУ «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы бірге жалғыз басты зейнеткер Пономарева Ирина Гавриловнаның  үйіне барып, ауласын қалың қардан тазартты. Акция соңында Ирина Гавриловна атқарылған жұмыстарға риза болып, өз алғыстарын білдірді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина