Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Үздік жас тәрбиеші

30 Қаңтар 2019 12:55

Қарағанды қаласының 85-жылдығы мерекесі қарсаңында, сондай-ақ Елбасының 2019 жыл жастар жылы болып жариялануына байланысты «Қарағанды қаласы білім бөлімінің» жоспарына сәйкес қалалық «Үздік жас тәрбиеші» байқауы өтті.
Байқау шығармашылықпен жұмыс атқаратын жас педагогтарды анықтау, және олардың кәсіптік әлеуметтік маңызы мен беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы рейтингте ең көп балл жинаған байқауға қатысушылар екінші кезеңге жіберілді. Олар өздерінің оқу әрекеттерінен бейнежазбалар ұсынды, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқауға қаланың мектепке дейінгі мекемелерінен 24 жас педагог қатысып, екінші кезеңге 11 жас тәрбиеші өтті.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бас жүлде Гран-при дипломымен «Алданыш» бөбекжайы тәрбиешісі Шилайкис Анастасия Сергеевна марапатталды.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина