Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«RoboKRG-2019» робототехника бойынша ІV қалалық байқауы

01 Ақпан 2019 15:00

2019 жылғы 29-30 қаңтар аралығында «С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей» КММ базасында оқушылар арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік мамандықтарды насихаттау мақсатында Қарағанды қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында ІV қалалық робототехника байқауы өтті. Байқауға оқушылардың өздерімен жасалынған робототехника саласындағы әзірлемелер, яғни роботталған құрылғылар мен роботтар моделі қатысты.
Байқаудың қорытындысын әділ бағалау үшін тәуелсіз төрешілер ретінде облыстың басқа қалалары мен аудандарынан педагогтар байқауға тартылды.
Байқауға қаланың 57 білім ұйымдарынан 178 команда қатысты. 370-ке жуық оқушы келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:
1. Бастаушылар үшін кегельринг;
2. Кегельринг - квадро А;
3. Бастаушылар үшін сызықпен жүру;
4. Жалғастырушылар үшін сызықпен жүру А;
5. Жалғастырушылар үшін сызықпен жүру В;
6. Механикалық сумо;
7. Зияткерлік сумо;
8. Сумо GRAND
9. Басқарылатын роботтар футболы 3х3 /кіші топ/;
10. Басқарылатын роботтар футболы 3х3 /жоғары топ/;
11. Лабиринт
12. Жұптасып арқан тарту;
13. Шығармашылық категория;
14. Робосумо. Адымдаушы роботтар;
15. Lego WEDO;
16. 3d прототиптеу;
17. Роботтармен шоу Junior
Байқаудың қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік жұмыстары Қарағанды қаласы білім бөлімінің дипломымен марапатталды. Ең көп жүлдені алған мектептер «Үздік команда» кубогы мен дипломға ие болды. Жүлделі орындар келесідей үлестірілді:

Үздік командалар: Мектеп 57 – 1 жалпы командалық орын, 32 – 2, 36, 9 – 3 орын.