Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында гидропоника бойынша шағын зерханалардың ашылуы

05 Ақпан 2019 17:15

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында аграрлық ғылымға жаңа технологиялар трансфері ретінде орын алып негізгі бағытқа айналатындығына басты назар аударды. Қарағанды қаласының 85 жылдығы қарсанында №23, 57, 101, ЖНС білім беру ұйымдарында салтанатты түрде гидропоника бойынша шағын зертханалар ашылды.
Іс-шараға әкімдік өкілдері, білім ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысты. Гидропоника әдісін қолдануды көрсету қонақтардың, әсіресе жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды, себебі зертханаларда тәжірибелі сабақтар өтуінің арқасында химия, биология, информатика, физикаға деген қызығушылығы арта түседі, болашақ мамандықты анықтауға септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда гидропоника – бұл республиканың білім беру ұйымдарында өзекті бағыт. 2019 жылы Қарағанды қаласында 7 «Гидропоника» кабинеттерін сатып алу жоспарлануда, оның ішінде жоғары аталған білім ұйымдарының шағын зертханалары сынақтан өтеді.