Қарағандыда
  • USD 379.29
  • EUR 426.40
  • RUB 5.93
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Коворкинг-орталық DAMÝ KEŃISTIGI ашылды

08 Ақпан 2019 17:10

Қарағанды қаласының 85 жылдығын мерекелеу аясында кітапхана пайдаланушыларының шығармашылық дамуы үшін кеңістік құру және жастардың зияткерлік бос уақытын ұйымдастыру мақсатында М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 08.02.2019 жылы DAMÝ KEŃISTIGI коворкинг-орталығының ашылуы өтті .

Орталықтың ашылуына кітапхана оқырмандары, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ю. В. Бадина, "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы Б. С. Нұртаева, қалалық мәслихат депутаты В. Н. Мазитов, жергілікті теледидар өкілдері мен "Орталық Қазақстан", "Индустриальная Караганда" тілшілері қатысты.
DAMÝ KEŃISTIGI коворкинг - орталығында барлық ниет білдірушілер үшін интеллектуалды бос уақытты өткізуге арналған қажетті жабдықтар және функционалдық аймақтар бар: ыңғайлы креслолар, үстелдер, ноутбуктер, принтерлер, сканерлер, бірлескен және жеке жұмыс істеуге арналған аймақтар, мультимедиялық кабинет, тегін Wi-Fi, демалыс аймағында – смартфонға арналған 3D көзілдірігі, шахмат, дойбы және теннис үстелі.
Іс-шара барысында қалалық кітапхана қызметкерлері қатысушылардың назарына "Қарағанды қаласының Өлкетану" бағыты бойынша мобильді кітапханамен таныстырды.
Жастар жылы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Білім орталығы" аймағы құрылды, онда жас кәсіпкерлер және жастар бірлесіп семинарлар мен конференциялар өткізе алады.
Балалар аймағында балалар мен олардың ата-аналары баланың жан-жақты дамуына қажетті барлық жабдықтар таба алады.
Сонымен қатар келушілердің назарына іскерлік және көркем әдебиет қоры, электронды кітаптар ұсынылды.

Кітапханамен көрсетілетін барлық қызметтер тегін. Коворкинг-орталық аптасына алты күн — сейсенбі мен жексенбі күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. DAMÝ KEŃISTIGI орналасқан мекенжайы: Қарағанды қаласы, Төлепов көшесі,17. Байланыс тел: 421226.

Аталған орталыққа қатысуға ниет білдірушілерге есігіміз әрдайым ашық!
 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина