Қарағандыда
  • USD 379.29
  • EUR 426.40
  • RUB 5.93
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Мерейтойыңмен, сүйікті Қарағандым!

11 Ақпан 2019 12:10

2019 жылы біздің қаламыз 85 жылдығын тойлауда. Мерейтойлық датаға орайластырылып көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

Халықтың, соның ішінде жастардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, шығармашылық дамуына жағдай жасау үшін жаңа формат енгізу мақсатында, қаланың мерейтойы қарсаңында орталық қалалық кітапханасында тағы бір коворкинг-орталық ашылды.
Сонымен қатар 10 ақпанда «Шахтер» стадионының мұз айдынында «I love Karaganda»- атты орасан зор мұз фестивалі ұйымдастырылды. Көптеген қарағандылықтар мен қала қонақтары күннің аяздығына қарамастан келіп, керемет көріністің куәсі болды. «Астана» аула клубының театр студиясының балалары А. Байжанов туралы театрландырылған пролог дайындады, туған қаласы туралы білімдерін кеңейту үшін интерактивті викторина өткізді.
Мерекелік мұз қойылымы түрлі-түсті отшашумен аяқталды.
Аула клубтарында зияткерлік викториналар, «Где? Где? В Караганде!» атты мәдени, спорт нысандарына және қала кәсіпорындары бойынша экскурсия ұйымдастырылды, «Менің сүйікті қалам» атты бейнероликтер байқауы өткізілді.
Негізгі мерекелік іс-шаралар шағын аудан тұрғындары үшін ҰОС ардагерлері мен Қарағанды қаласының Құрметті азаматтарын шақырумен 3 МҮ-де өткізілді. Қаланың мәдениет үйлерінің сахнасында қарағандылықтардың туған қаласы туралы сүйікті әндері орындалды.
Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай қаланың үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кең аудиторияға арналған үш тілде «Қазыналы Қарағанды» атты кітап-альбомын шығару жоспарлануда.
2019 жыл бойы мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар Қарағанды қаласының 85 жылдығы аясында өткізілетін болады.

Мерекелеріңізбен, құрметті қарағандылықтар!

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина