Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Кітап Fest

11 Ақпан 2019 11:00

Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың Қарағанды туралы әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру, өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 10.02.2019 жылы «Таир» сауда орталығында М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасымен ұйымдастырылған «Кітап fest» атты оқу мерекесі өтті. Іс-шара ақын Воробьева Ирина Анатольевна, сазгер Людмила Мельникова, Қарағанды қаласының №2 музыка мектебінің оқушылары және түрлі-түсті қуыршақтардың қатысуымен өтті.
Шара барысында кітапханашылар келушілердің назарына Қарағанды туралы слайд-қатар, кітап көрмесін ұйымдастырды, сонымен қатар қатысушылар ақын Ирина Воробьевамен және композитор Людмила Мельниковамен кездесті, №2 өнер мектебі оқушылары ән шырқады. Мереке қонақтары үшін «ашық микрофон» жұмыс істеді: әрбір адам Қарағанды туралы сүйікті өлеңдерін оқып, өзінің шығармашылығын орындай алды.