Қарағандыда
  • USD 379.36
  • EUR 424.47
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Ерлан Қошанов көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты

22 Ақпан 2019 17:35

Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесулер өткізілгеннен кейін әлеуметтік көмек көрсету шараларын арттыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуі барысында мәлімдеді.

- Мемлекет басшысы көпбалалы отбасылар мәселесін әркез назарда ұстайды. Сол себепті халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына қолдау көрсетті әрі әліде көрсетуде. Облыс бюджетінің 50%-дан астамы әлеуметтік салаға бағытталады, - деді облыс әкімі. - Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыстық бюджеттің барлық мүмкіндіктерін зерделеп, біз мемлекеттік қолдау шараларының ауқымын кеңейту жөнінде шешім қабылдадық.
Ол көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған 10 қадам туралы тоқталып өтті.
Көп балалы аналарға қосымша жеңілдіктер қарастырылады: 1 маусымнан бастап қалалық көлікте тегін жүру; бастауыш сынып балалары үшін тегін ыстық тамақ; бала бақшаға 50% жеңілдік.
Сонымен қатар, мектептерде ұзартылған күннің тегін топтары қарастырылған. Көп балалы отбасынан шыққан балаларға музыка және көркемөнер мектептерінде, спорт секцияларында тегін шұғылдуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ жазда балалар мектеп жанындағы лагерлерге орналастырылады.
Колледждерде білім алуға бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл 8 мыңнан астам грант беруге мүмкіндік береді.
Әкімнің айтуынша, көп балалы аналарға өз ісін ашуға 200 грант беру жоспарлануда. Олар үшін арнайы бизнес-инкубатор құрылмақ.
Облыста соннымен қатар отбасын қолдау орталығы ашылады, онда мамандар мен психологтар кеңес береді. 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина