Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

100 дене шынықтыру нұсқаушылар қарағандылықтарды қаланың саябақтары мен спорт залдарында жаттықтыратын болады

22 Ақпан 2019 17:15

Қарағанды облысында қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Өткен жылы көптеген жаңа нысандар ашылды. Олардың қатарында Абай қаласындағы жүзу бассейні, Шет ауданындағы ДСО, Қарағандыда шағын-футболға арналған спорт кешені және басқалары бар. Өңір басшысы Ерлан Қошанов есеп беру кездесуінде спорт саласына қатысты алдағы жоспарлармен бөлісті.

Оның айтуынша, Қарағандыда биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша үлкен триатлон паркі ашылады. Ауылдықтар үшін тағы да бірнеше ДСО салу жоспарлануда.
Президенттің тапсырмасы бойынша Қарағандыда олимпиадалық стандарттарға сай 50-метрлік жүзу бассейні мен Теміртаудағы заманауи спорт кешенінің құрылысы басталады.
- Бұқаралық спортты дамыту үшін кешкі уақытта мектептерде, жоғары оқу орындарында және колледждерде спорт залдарын пайдалану керек. Бірақ ол үшін мамандар қажет. Біз аулалар мен спорт залдарында 100 спорт нұсқаушылары жұмыс істейтін болады деген шешім қабылдадық, - деді Ерлан Қошанов.
Ол облыста ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық жоғары екенін атап өтті. Бүгінде өңірде олардың саны оннан астам, ұлттық спортпен облыста 43 мыңнан астам адам айналысады.
Облыс әкімі сондай-ақ Қарағандыда келешекте ипподром құрылысы көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл жобаны кәсіпкерлерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина