Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағанды облысында жастарға арналған бизнес-инкубаторлар ашылады

22 Ақпан 2019 17:00

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.

- Бүгін біздің облыста әрбір бесінші азамат - жас ұрпақ өкілі. Біз жастардың нақты, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған кешенді жоспар әзірледік. Атап айтқанда – оқыту, жұмысқа орналастыру, бос уақытты пайдалы өткізу және отбасылық құндылықтар, - деді аймақ басшысы тұрғындармен есептік кездесуде. Оның айтуынша, бұл жүйелі жобалар болмақ.
Ерлан Қошанов қалалық және ауылдық колледждер базасында бизнес-инкубаторлар ашылатынын хабарлады. Ол орталықтарда студенттерді кәсіпкерлікке, құқықтық және қаржылық сауаттылыққа үйретеді. Үздік түлектер өз ісін ашуға қолдау алатын болады.
Облыс әкімі ауыл жастары ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.
- Бүгінде Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге барлық жағдай жасады. Бірақ көптеген жастар осы мемлекеттік бағдарламалар туралы біле бермейді. Білген күннің өзінде, сенбейді. Ол мемлекеттік органдар тарапынан жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізілмейтінін көрсетеді, - деді Ерлан Қошанов.
Адамдар жұмысқа орналасу, өз бизнесін құру мүмкіндіктері туралы білулері үшін облыста ірі базарлар мен вокзалдарда жұмыспен қамту пункттері ашылды. Бұған қоса, ірі елді мекендерде де, шалғайдағы аудандарда да мобильді жұмыспен қамту пункттерінің жұмысы ұйымдастырылған.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина