Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Алғыс айту күні

01 Наурыз 2019 14:50

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
1 наурыз күні Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №2 медициналық – әлеуметтік мекемесіне Жастар ресурстық орталығы колледж студенттерімен бірлесіп концерттік бағдарлама мен мерекелік дастархан жайды.
Қазынаға толы қарттарымыздың көңілін тауып ерекше сыйластық танытқан Қарағанды коммерциялық колледжіне, Қарағанды Гуманитарлық коледжіне, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне, Қарағанды Болашақ колледжінің студенттеріне алғыс білдіреміз. Жастар ресурстық орталығына демеушілік жасаған жандарға мың алғыс айта отыра жұмыстарына табыс тілейміз. Аталмыш шарамыздың көркін бізбен бірге көтерген ата-әжелерімізге рахмет дегіміз келеді.
Көктемнің алғашқы мерекесіне айналған Алғыс айту күнімен шын жүректен баршаларыңызды құттықтаймыз.

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина