Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Көктемнің шуақты мерекесі

05 Наурыз 2019 17:30

2019 жылдың 5 наурызы қалалық әкімдікте Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіровтың қабылдауы өтті
2019 жылы Қарағанды қаласы өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Біз барша әйелдер қауымынаерекше құрмет көрсетеміз,осыған байланысты әкім қабылдауына Қарағанды қаласының құрдастары және көп балалы аналар мен елге елеулі еңбек сіңірген қаламыздың құрметті азаматшалары шақырылды. Сондай-ақ жастар жылын мерекелеу аясында қабылдауға қаланың дамуына үлес қосқан талантты қарағандылық жастар дақатысты.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров біз қол жеткізген барлық жетістіктеріміз - біздің әйелдеріміздің орасан зор еңбегі деп есептей отырып, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесіндегі әйелдердің баға жетпес рөлін атап өтті.
Ана ерлігіне құрмет ретінде шақырылған көп балалы ана Садвакасова Айсұлу Сағатбекқызы «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін педагог Мабиева Гульшара Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісіменмарапатталды.
30 қарағандылық асыл жандарға Mon Amie косметика дүкенінің сертификаттары мен гүл шоқтары табысталды.
Қонақтарға жағымды тосынсый да жасалды – лезде 3D фотосына түсу сәтіәйелдер қауымыүшін естеліксыйлық болды.
Іс-шараның соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оған  «Топжарған» тележобасының жеңімпаздары Rumi Yanis, Халықаралық конкурстардың лауреаты Азат Туранел және кішкентай қарағандылық бишілер қатысты.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина