Қарағандыда
  • USD 377.33
  • EUR 424.68
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Жәрмеңкенің көмегі

29 Наурыз 2019 12:05

2019 жылдың 28 наурыз күні Кеншілер мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының қалалық жәрмеңкесі өткізілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген адамдарды және шартты түрде сотталған азаматтарды шақыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілді, қаланың Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандарының Пробация Қызметі шақыртылды.
Жәрмеңкеге Қарағанды қаласының әр түрлі меншік нысанындағы 58 кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты, олар инженер, тау-кен мастері, электр монтері, слесарь, жүргізуші, тексеруші, сауда өкілі, күзетші және басқалары сияқты жұмыс іздеушілер үшін ұнамды бос орындар ұсынды.
Сондай-ақ жәрмеңкеге жаңадан ашылған кәсіпорындар да қатысты, олардың қатарында 33 мамандық бойынша 66 бос жұмыс орнына жаңа қызметкерлер қабылдаған, «QazaqNationalProduct» ЖШС де бар.
Жәрмеңкеге қатысушыларға қаладағы 457 кәсіпорындар мен ұйымдардан 1800 астам бос орындар ұсынылды.
Жәрмеңкеге қатысушыларға стендтерге орналастырылған бос орындардың бар екендігі туралы ақпарат алуда қолжетімділік қамтамасыз ету үшін онлайн-планшеттер арқылы консультация жүргізілді.
Жәрмеңкеге 380 адам келді.
Жүргізілген іс-шара нәтижесінде 112 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, 132 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін түйіндеме қалдырды, ал 130 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктер алу жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін жасауға бағытталған, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жан-жақты кеңес алды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген адамдардың және шартты түрде сотталғандардың қатарынан 12 адам қатысты, соның ішінде 9 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, 3 алимент бойынша борышкерлерге жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
Іс-шара аясында жұмыссыз азаматтарға «жастар тәжірибесі», «әлеуметтік жұмыс орындары» бағыттары бойынша жұмысқа орналасу туралы, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау жайлы ақпараттар берілген буклеттер тарату ұйымдастырылды.
Аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне баса назар аударылды, 35 адам консультация алды.
Жәрмеңкеге келушілерді қабылдау КМҮ-нің алдындағы жұмысқа орналастыру мобильді пунктінде қосымша жүргізілді.
Жұмыс берушілердің және жәрмеңкеге келушілердің арасында электронды еңбек биржасының (ЭЕБ) мүмкіндіктерін пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина