Қарағандыда
  • USD 377.33
  • EUR 424.68
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Наурыз мейрамын тойлауға арналып өткізілген спорттық шарал бойынша есеп

27 Наурыз 2019 16:00

Ағымдағы жылдың 22 наурызында, сағат 12.00-ден саябақ сахнасында 1 сағат бойы спортшылар қазақ күресі мен шығыстық жекпе-жектері бойынша көрнекті өнерлерін көрсетті.

Арқан тартудан жарыстар өткізіліп, «Батыр» командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды «Нұрсұлтан» командасы иеленіп, үшінші орынға «Жолбарыстар» командасы жайғасты.

Гір спортында жүлделі орындар келесідей болды:

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын -  Алибаев А.        
2 орын – Ахтаев Е.  
3 орын - Құсаинов Д.  
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Шалхар Н.         
2 орын – Калигожинов М.   
3 орын - Хабибуллин Р.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
1 орын – Құсаинов Д.           
2 орын -  Балтабеков С.  
3 орын - Маханов Н.
Гір салмағы 24 келі.

Сонымен қатар, армрестлингтен жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесі:

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1. Алин Н.
2. Сұлтанбек Б.
3. Диман С.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1. Бухарманов Н.
2. Алин Н.
3. Қонысбаев А.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
1. Баймағанбетов А.
2. Бухарманов Н.
3. Алин Н.

Асық ату ұлттық ойыны бойынша жарыстар ұлттық спорт түрлері бойынша ҚР Федерациясының бекіткен ережелері бойынша өткізілді. Турнир жүлдегерлері:

1. Тұрсынбаев Дәурен
2. Хулыбай Әмір
3. Жолбарыс Нұрдәулет

Ләңгі жарысына жасөспірімдер ғана емес, ересектер де қуана қатысты. Жүлделі орындар:

1. Сапанов Б.
2. Идришев Б.
3. Танатар М.

Тоғызқұмалақтан өткен жарыстада жүлделі орындарға келесілер ие болды:

Жасөспірімдер мен қыздар арасында:
1. Тақырбаев Р.
2. Түспеков А.
3. Габбас Е.
Ерлер арасында:
1.Анарбек М.
2. Қалқабек Е.
3. Ахмадьянов А.
Әйелдер арасында:
1. Түлекбаева А.
2.Ахмадьянова А.
3.НысанбаеваМ.

 
Ұлттық және ат спорты бойынша «Қайрат» БЖСМ оқушылары аударыспақтан көрнекті өнерлерін паш етті. Көрермендер үшін ашамай атты ұлттық салт көрсетілді.

Сонымен қатар, ұлттық және ат спорты түрлері бойынша «Қайрат» спорт мектебінің тазы тұқымды иттері мен бүркіттердің көрмесі өткізілді.

Наурыз мейрамын тойлау шеңберінде келесі жалпы қалалық жарыстар өткізілді:

1. Оқушылар арасында жүзуден қалалық жеке Біріншілік, 13-15 наурыз күндері облыстық жүзу мектебінің бассейнінде;

2. Көркем гимнастикадан «Сарыарқа маржаны - 2019» атты қала Чемпионаты, 19-20 наурыз күндері «Жастар» СК;

3. 2010 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден ашық қалалық турнир, 20-22 наурыз күндері «Досжан-Спорт» СК;

4. 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан ашық қалалық турнир, 15-17 наурыз, «Адель» с/залы;

5. Классикалық шахматтан әйелдер мен ерлер және юниорлар арасында Қарағанды қаласының Чемпионаты, 12-30 наурыз, БЖС шахмат клубы;

6. Наурыз мейрамын тойлауға байланысты 23-25 наурыз аралығында, орталық саябақ сахнасының алдында келушілер арасында бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина