Қарағандыда
  • USD 377.33
  • EUR 424.68
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағандыда бірінші сенбілікте атқарылған жұмыстар қорытындыланды

10 Сәуір 2019 16:40

6 сәуірде облыс орталығында бірінші сенбілік өтті. Шараға 3000 астам ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

Қыс мезгілінен кейін қаланы қоқыстан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық қызмет өкілдері мен қарапайым тұрғындар шықты. Мәселен, Қазыбек би атындағы ауданда 3.5 мың гектар жер тазаланды. Ауданның жалпы көлемі - 15 мың гектар. Мұнда қағаз жинауға арналған 37 қосымша контейнер орнатылды.
Аудан әкімдігінде азаматтардың қоқыс тастайтын жерлерге және ластанған аулаларға қатысты шағымдарын қадағалайтын жедел штаб жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Қазыбек би атындағы ауданда өздеріне сеніп тапсырылған аулаларды жинамаған 14 ПИК-не ауқымды айыппұлдар салынды.
Октябрь ауданында жалпы алаңның 20% - ы қоқыстардан тазартылды. Мұнда сенбілікке 940 еңбек ұжымы қатысып, 20-дан астам техника пайдаланды.
Қаланы санитарлық тазалау бойынша екі айлық 8 маусымда аяқталады. Облыстық сенбіліктер 27 сәуір мен 18 мамырда, қалалық сенбіліктер – 20 сәуір мен 11 мамырда, аудандық сенбіліктер-13 сәуірде, 4 және 25 мамыр мен 8 маусымда өтеді.
20 сәуірде «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» өтеді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина