Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Шахмат спортын 2019 жылы Қарағанды қаласында дамыту

09 Сәуір 2019 12:00

Қарағанды облысының шахмат федерациясы ағымдағы жылы ҮЕҰ үшін «Шахмат спортын 2019 жылы Қарағанды қаласында дамыту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындауда.
Өткізілген «Жылдам шахмат бойынша ашық Қарағанды Кубогі» турнирлеріне 184 шахматшы қатысты.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2019 жылдың қаңтарында «МОСКВА-ОПЕН-2019» Халықаралық турниріне Қарағанды қаласы құрамасының мүшелері Шыңғыс Әубәкіров пен Ыбырайым Ысқақбаев жөнелтілді. Турнирге 87 шахматшы қатысты. Үштікке кіруге Ыбырайым Ысқақбаевта болды, алайда соңғының алдындағы турдағы жеңілісі оны 12 орынға ысырып тастады, онымен қатар ол екінші орыннан бір ұпайға қалып қойды. Қатысушылардың көптігінде бір партияның құны осындай.