Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Мерейлі отбасы» байқауы

12 Сәуір 2019 10:11

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдердің кабылдауы басталғаны туралы хабарлайды.
Аталған конкурс өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Сіз Қарағанды қаласының әкімдігінің сайтынан www.karaganda-akimat.gov.kz танысуыңызға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (солардың ішінде, өтінім, отбасылық фотосурет, тезтіпке) 2019  жылғы 3 мамырға дейін Нұрсұлтан Назарбаев данғылы, 39, 508 каб. мекенжай бойынша қабылданады. Тел. 42-14-12.