Қарағандыда
  • USD 378.83
  • EUR 430.99
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Ардақ Назаровпен жастардың кездесуі

12 Сәуір 2019 15:00

Кеншілер Мәдениет сарайында 9 сәуір күні «Жастар жылы» аясында аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері – Ардақ Назаровтың қатысуымен рухани танымдық және Отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталған кездесу өткізілді. Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Дәл осы шабытты Ардақ ағамыз жастардың бойына сіңіртіп, рухани жаңғыртып тастады десекте болады.
Әлем мойындаған чемпион осы спорт түріне қалай келді, қандай қиындықтардан өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып, жастарды өз елінің, өз заманының батыры болуға шақырды.Еркін форматтағы жүздесуге 900-ден астам студент жастар қатысты. Бүгінде кез келген жастарға үлгі болатын Ардақ ағамыз рух көтереіп, рухани тәлім тәрбие беріп, жастарға жалқаулықты, надаңдықты тастап еңбек ету керек екендігін айқын түсіндірді. Сонымен қатар ол кісі өз әңгімесінде Ислам дінін де сөзге тиек етті. Ол дініміздің махаббатқа толы екендігін, Алланың разылығы ата-анамыздың разылығында екендігін ашып айтып өтті. Адамның бүкіл өміріне азық болатын иман мен әдеп, ерлік пен ездік, қасиет пен қадір, жайында саналы әңгімелелерін айта тұрып, жастардың сұрағын тыңдап, оларға салиқалы ой- пікірмен жауап қатты.
Сол күні, Ардақ Назаровтың қатысуымен №1 лицей «Білім-инновация» оқушыларына кездесу өткізілді.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина