Қарағандыда
  • USD 386.70
  • EUR 427.15
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Ауған ардагерімен жастардың кездесу

05 Мамыр 2019 17:45

5 мамыр Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығы Отан қорғаушылар және жеңіс күні қарсаныңда Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушы Аяғанов Нұрболат Жолболдыұлымен «JASTAR ALAŃY» коворкингінде кездесу өткізген болатын.

Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жиналған жас буынды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан «Ерлік сабағын» орталық директоры Бахтиар Бекмурзаев ашты.
1993-1999 жылдар аралығында еліміздің Ішкі әскері жедел мақсаттағы бөлімінің 2 мыңнан астам жауынгері мен офицері тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін орындады. Сарбаздар ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру болды. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек тауарларының және босқындардың қауіпсіз жетуін қадағалау, маңызды нысандарды қорғау еді. Ең жойқын қақтығыс 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында орын алды. Сол жерде содырлармен болған атыста 17 қазақ жігіті қаза тапты. Міне, осы боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету – жыл сайынғы үрдіске айналған игі шара.
Іс-шара барысында жас ұрпақ қызығушылық танытып, келген қонаққа көкейтесті сауалдарына жауап алды.
Нұрболат Жолболдыұлы жастардың Отан алдындағы міндетін өтеуге, жаппай құлшынысын көтеруге, ел алдындағы борыштарын өтеуге шақырды.
Осылайша, бүгінгі іс-шара жастардың азаматтық ұстанымын арттыруға септігін тигізді.
 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина