Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Қазақстанның 2019 жылғы ең үздік тауары» жыл сайынғы аймақтық конкурс-көрмесінің қорытындысы шығарылды

15 Шілде 2019 16:17

2019 жылдың шілде айының 13 жұлдызында С. Сәпиев атындағы бокс орталығында өндірістік тауарлар, халыққа арналған өнеркәсіптік тауарлар, өдірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар номинациялары бойынша «Қазақстанның 2019 жылғы ең үздік тауары» жыл сайынғы аймақтық конкурс-көрмесі өтті. Қарағанды облысы бойынша барлығы 80 кәсіпорын қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының кәсіпорындары келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
1. «Малу» ЖШС - «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында (I дәрежелі диплом);
2. «Мутлу Экспорт» ЖШС - «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында (IІ дәрежелі диплом);
3. «MAKER» ЖШС - «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында (IІІ дәрежелі диплом);
Сонымен қатар, «BUSINESS –Әлеумет» Үздік әлеуметтік-бағдарлы кәсіпорын» номинациясында «ALEMGAZ» ЖШС және «Инновациялық жоба»  номинациясында – «PROTOM» ЖШС марапатталды.
Қосымша, «Үлгілі салық төлеуші» номинациясында «Сарыарқа Нан Караганды» ЖШС марапатталды.
Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі барлық жүлдегерлерді құттықтайды және жұмыста тұрақтылық пен табыс тілейді.

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина