Қарағандыда
  • USD 384.97
  • EUR 427.12
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Құрметті қарағандылықтар!

15 Шілде 2019 09:42

Құрметті қарағандылықтар!

 

Қарағанды қаласының әкімдігі аз қамтылған отбасыларға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісі бойынша "Бақытты отбасы" бағыты несиелік тұрғын үй бойынша құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

ҚТҚЖБ ҚТҚЖБ-ның шотында бастапқы жарна болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ұсынады:

алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10 % мөлшерінде;

аралық тұрғын үй заемдары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында айқындалған мөлшерде.

Тұрғын үйді сату шарттары:

Бағдарламаның ережелеріне сәйкес Бағдарламаға қатысушылар:

            1) көп балалы отбасылар; 

            2) толық емес отбасылар;

            3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар.

            Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

            1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

            2) өтініш берген күні өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;

            3) соңғы 6 (алты) ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі жалақының 1 (бір) көрсеткішінен аспайтын орташа табыстың болуы (балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар есебінсіз);

            4) неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

            5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

            6) төлем қабілеттілігін растау;

            7) ЖАО-ның тұрғын үйге мұқтажды есепке қоюды және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушылардың көзделген санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растауы.

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

            1) бағдарламаға қатысуға өтініш;

            2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктері, неке қию туралы куәлігі, қайтыс болуы туралы куәлік);

            3) өтініш берушінің соңғы үш жыл ішінде некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған өтініш ("толық емес отбасы" санаты бойынша есепте тұрған азаматтар үшін»);

            4) өтініш беруші некеде тұрмайтыны туралы нотариалды куәландырылған өтініш ("көп балалы отбасылар" және "мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар" санаты бойынша есепте тұрған азаматтар үшін тіркелген неке болмаған жағдайда)

            5) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

            6) жалақы туралы анықтама;

            7) «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша есепте тұрған азаматтар үшін мүгедектігі туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау Жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында Қарағанды қ., Магнитогорская к., 19 үй мекенжай бойынша 22.07.2019-26.07.2019 жылы 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина