Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары

19 Шілде 2019 10:00

«Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының мынадай мақсаттарын іске асыру аясында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 008 PQ қаулысымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ереже бекітілді:

- әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;
- салауатты адамдардың қуатты ұлты;
- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.
Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:
- әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;
- әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;
- бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
- қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-е немесе «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы арқылы, осы жылдың 7 тамызға дейін мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.
Қосымша ақпараттар алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады (Поспелов көшесі, 16 үй, 12 каб. тел. 300169, 300081).

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина