Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

"Бақытты отбасы"

09 Тамыз 2019 12:10

Құрметті қарағандылықтар!

 

Қарағанды қаласының әкімдігі аз қамтылған отбасыларға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісі бойынша "Бақытты отбасы" бағыты несиелік тұрғын үй бойынша «көп балалы отбасылар» санаты бойынша қатысушылардың жетіспеушілігі себебінен, қосымша құжаттарды қабылдау болатындығы туралы хабарлайды.

ҚТҚЖБ ҚТҚЖБ-ның шотында бастапқы жарна болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ұсынады:

алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10 % мөлшерінде;

аралық тұрғын үй заемдары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында айқындалған мөлшерде.

            Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) өтініш берген күні өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;

3) соңғы 6 (алты) ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі жалақының 1 (бір) көрсеткішінен аспайтын орташа табыстың болуы (балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар есебінсіз);

4) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

5) төлем қабілеттілігін растау;

6) ЖАО-ның тұрғын үйге мұқтажды есепке қоюды және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушылардың көзделген санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растауы.

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) бағдарламаға қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктері, неке қию туралы куәлігі, қайтыс болуы туралы куәлік);

3) өтініш беруші некеде тұрмайтыны туралы нотариалды куәландырылған өтініш.

4) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

5) жалақы туралы анықтама;

Құжаттарды қабылдау қалалық әкімдіктің ғимаратында, Қарағанды қ., Н.Назарбаев дыңғ., 39А ү., мекенжайы бойынша 12.08.2019-15.08.2019 жылы аралығында сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина