Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қатысушылардың жетіспеушілігіне байланысты Қарағанды қаласының әкімдігі Қарағанды қаласы, 14 ықшамаудан мекенжайы бойынша тұрғын үй алуға «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына

13 Тамыз 2019 12:30

 

Құрметті қарағандылықтар!

 

Қатысушылардың жетіспеушілігіне байланысты Қарағанды қаласының әкімдігі Қарағанды қаласы, 14 ықшамаудан мекенжайы бойынша тұрғын үй алуға «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ИҰ (бұдан әрі – ҚИК) АҚ желісі бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Тұрғын үй құны бір шаршы метр үшін 768 теңгені құрайды.

Бағдарлама бойынша 1,2,3,4 бөлмелі пәтерлер сатылады.

Тұрғын үй сату шарттары:

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының ережелеріне сәйкес ҚИК желісі бойынша бағдарламаның қатысушылары:

1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 

2) жетім балалар мен кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) оралмандар;

4) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

5) көп балалы отбасылар;

6) толық емес отбасылар.

7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюды растау;

2) тұрғын үйді сату шарттары бойынша тиісті кірістермен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар отбасының әрбір мүшесіне он бес шаршы метрден астам пайдалы алаң және бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадан бөлме мөлшерінде тұрғын үй болған жағдайда Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

          1)пәтердің белгілі бір түріне өтініш (бұдан әрі-өтініш);

          2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

          3) өтініш берушіні және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы (анықтаманың қолданылу мерзімі 10 күнтізбелік күн);

          4) некеге тұру/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлігі, өтініш берушінің некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған өтініші; (нотариалды куәландырылған өтініштің қолданылу мерзімі осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн)

          5) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі немесе сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама; (анықтаманың қолданылу мерзімі 10 күнтізбелік күн)

          6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар (үлесі, саман және қаңқалы-қамыс түріндегі тұрғын үйлер, жатақханалардағы бөлмелер болған жағдайда), сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

          7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;

          8) жалақы туралы анықтама; (анықтаманың қолданылу мерзімі 10 күнтізбелік күн)

          9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы мәліметтер (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте);

        10) меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайындық туралы өтініш;

        11) Заңның 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар.

Құжаттарды қабылдау 19.08.2019 жылдан бастап 20.08.2019 жылды қоса алғанда, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Қарағанды қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 үй мекенжайындағы Жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында жүргізіледі.

 

ЕСКЕРТУ:

 

Даулы мәселелерді, атап айтқанда тапсырылатын құжаттар тізбесінің толықтығы мен сақталуына қатысты даулы мәселелерді болдырмау үшін берілетін құжаттарды тігу және нөмірлеу ұсынылады.

 

 

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина