Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Кеншілер күні

24 Тамыз 2019 08:20

Құрметтіқарағандылықтар! Қадірменді көмір өнеркәсіп саласының мамандары мен ардагерлері!

Қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде Кеншілер шаһарының  аса сүйікті мерекелерінің бірі – Шахтерлер күнін атап өтеміз.

Осы жылы сүйікті қаламыз Қарағандының мерейтойы: кеншілер қаласы 85 жасқа толды!

Қазіргі таңда дамып, өркендеген Қарағанды қаласының табыстары мен жетістіктерінде Сіздердің елеулі үлестерініз бар. Қала тұрғындары өзінің ерен еңбегімен, өнеркәсіптегі, ғылымдағы және мәдени саладағы жетістіктерімен туған қаламыздың мерейін үстем етіп келеді.

         Қойнауы қазынаға толы Қарағанды жерінің ең басты байлығы, әрі өлкеміздің дамуы мен гүлденуінің негізгі кепілі көмір десек артық айтқандық емес. Сондықтан да Қарағанды қаласында  өз өмірін білім мен тәжірибені ғана емес, ерлік пен табандылықты, мамандыққа адалдықты талап ететін шахтер кәсібімен байланыстырған адамдарды ерекше құрметтейді. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «барлық құндылықтардың адам еңбегімен жасалатындығын» ескерсек, кеншілер қауымының, жалпы еліміздің дамуына қосқан үлесі - өлшеусіз, еңбегі - ерен.

Мемлекетіміздің Тұнғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы кеншілерге үнемі назар аударып, көңіл бөліп отырады және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеншілер кәсібінің мәртебесін көтеру үшін барлық жағдайды тудырып келеді.

Бүгінгі мереке күні біз өндірісті өлкемізді өркендетуге зор үлес қосқан ардагерлерге, еңбек сіңірген шахтерлерге айрықша алғысымызды білдіреміз.

 

Құрметті кеншілер!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Зор денсаулық, баянды бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                           Н.Әубәкіров

 

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы                                                  Қ.Бексултанов

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина