Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қала тұрғындарының мәліметіне!

29 Тамыз 2019 15:20

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға  жатады:
- әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
      - 1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
      - 1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;
Аталған тұлғалараға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады. 
Жоғарыда көрсетілген аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін:
1) төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,79 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) ең төмен радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтағы аймақ бойынша – 1949 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;
4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдау «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де (Поспелов көшесі 16 үй, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, анықтама телефондары 300169, 300228) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚКО) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина