Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

30 Тамыз 2019 08:25

Құрметті қарағандылықтар!

 

30 тамыз – еліміздің өміріндегі ерекше күн! Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Конституция күні атап өтіледі!

1995 жылы Ата заңымызды қабылдау егемендігімізді нығайтуға зор үлес қосты. Конституция - мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әр қазақстандық азаматтың құқықтары мен еркіндігінің кепілі болып табылады.

Осы жылдар ішінде Конституцияның негізінде республикамызда маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар іске асырылды, саяси және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізілді.

Конституция тәуелсіздігіміздің тұрақты түп негізі, Қазақстанның жоғары халықаралық беделінің және табысты дамуының кепілі болды.

Конституцияның басты қағидаттарын негізге ала отырып, еліміз үшін маңызды өзгерістерді іске асырдық: нарықтық экономика қалыптастырылып, демократиялық қоғам негіздері құрылды. Қазақстан халықаралық деңгейде танымал болып, әлемдік экономикалық жүйеден өз орнын алды.

Әлеуметтік сала – білім беру, денсаулық сақтау салалары да қарқынды дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері артуда.

Осының барлығы Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарды саясатының, сонымен қатар Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында іске асырылды.

Біздің қаламыз – еліміздің қарқынды дамуының куәсі. 85 жылдық тарихы бар Қарағанды қазіргі таңда – қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайында индустриалдық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып, сапалы жаңа деңгейде өнеркәсіп, шағын және орта бизнес дамып, халықтың әл-ауқатының өсуіне және әлеуметтік жаңғыруға басым назар аударылатын, заманға сай дамып келе жатқан қала.

 

Қымбатты жерлестер!

 

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз қазіргі таңда болашаққа жарқын сеніммен қараймыз, ортақ мақсатқа бағытталған қызметіміз, ынтымақтастығымыз бен жасампаз қуатымыз қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына бағдарланған еліміздің саралы даму жолын айқындайды.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және жарқын жетістіктер тілейміз, Отанымыз - Қазақстан Республикасының аспаны ашық болсын!

 

Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров

 

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы Қ. Бексұлтанов

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина