Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Тұрғын үй сертификаттары

24 Қыркүйек 2019 17:59

Құрметті қарағандылықтар!

 

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі (бұдан әрі - Бөлім) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан мақұлдау алған адамдардан бастапқы жарнасын жабуға тұрғын үй сертификаттарын алуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 25 қыркүйегінен бастап жүргізіледі.

Тұрғын үй сертификаттары келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

1) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3) Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Тұрғын үй сертификатын алу үшін келесі құжаттар қажет:

1) бекітілген нысандағы өтініш (Бөлімде ұсынылады);

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);

3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

4) эскроу-шот/жинақ шот, қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» АҚ ҚОФ-нің  хаты.

 

Құжаттар мынау мекен-жайда қабылданады: Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 ұй, 10 каб. Тел. 8 (7212) 56-72-27.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9.00 – 18.30 сағ.,  түскі үзіліс 13.00 – 14.30 сағ.

 

Решение маслихата по сертификатам каз.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина