Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Еңбек адамына құрмет!

27 Қыркүйек 2019 19:09

Еңбек

адамына құрмет!

 

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен жұмысшы кәсіптерге деген құрмет дәстүрлерін қалпына келтіру және ерте жастан бастап  еңбек маңыздылығын мойындау мақсатында құрылған, Еңбек күні атап өтіледі.

Қазақстандағы Еңбек күнінің басты тақырыбы - еңбек өнімділігін  ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау жане Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында жұмыс істейтін әулеттердің дәстүрлерін нығайту.

Қарағанды ​​әрдайым өзінің еңбек дәстүрлеімен танымал болып келеді. Оларды кеншілер, құрылысшылар, энергетиктер, экономиканың басқа салаларының қызметкерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлері құрды және артырды. Бұл дәстүрлер бүгінде жалғасуда, және барлық Қарағанды ​​тұрғындары қаланың және тұтас елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Бүгінгі таңда Қарағанды ​​- Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығы  және еліміздің гүлденуіне көп ықпал ететін Қазақстан экономикасының ажырамас бөлігі. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында 200 мың. астам адам жұмыс істейді.

Қаламыздың барлық тұрғындарын Еңбек күні мерекесімен құттықтаймыз!

Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, өркендеу және жаңа еңбек жетістіктер тілейміз.

 

«Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ-сі 

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина