Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Дана қарттар!»

02 Қазан 2019 19:47

«Дана қарттар!»

 

Ағымдағы жылдың Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қарттар күні - 1 қазан» Қазақстан Республикасында мереке күнін бекітті.

Бұл мереке - ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының символы. Соғыс және еңбек ардагерлеріне жан-жақты қамқорлық барлық билік пен қоғамның назарында.

Мерекеге орай, 2019 жылдың 1 қазанында Қарағанды қаласының Достық үйінде қала ардагерлері мен жастардың қатысуымен жыл сайынғы «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар мен ардагерлердің III қалалық форумы өтті. Форумның ұраны: «Ардагерлер - жастарға үлгі!» болып табылды.

Музыкалық нөмірлермен «Поющие сердца» ансамблі, Достық үйі мен Қарағанды облысы Аналар кеңесінің шығармашылық ұжымдары орындады, сондай-ақ ардагерлер ұйымынан басталған музыкалық құттықтаулар айтылды.

Әрі қарай мереке «Vogue» мейрамханасында жалғасып, онда теміржолшылардың Мәдениет сарайының шығармашылық тобы ардагерлерге үндеу тастады. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Любарская И.Ю. қарағандылықтардың аға буын өкілдерін құттықтап, оларға ұзақ өмір және жақсы көңіл-күй тіледі.

Жалпы, Халықаралық қарттар күні аясында қалада ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және жастар арасында ризашылық пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ететін бірқатар іс-шаралар өтті.

Қаланың мемлекеттік мекемелері мерейтой иелерін, ұзақ өмір жасаушыларды құттықтап, мерекелік дастарқанға гүлдер мен азық-түлік жиынтықтарын сыйлады. Сол күні Мәдениет және демалыс саябағында мерекелік шара ұйымдастырылды, онда музыканттар ең танымал ретро композицияларды орындады.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері әлеуметтік қызмет көрсететін жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерге азық-түлік жиынтықтары, естелік сыйлықтар таратылды, қаланың кафелері мен мейрамханаларында мерекелік дастархан жайылды, материалдық және заттай көмек көрсетілді, витаминдік жиынтық таратылды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында ашық есік күні ұйымдастырылады, ал қалалық мектептерде кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, қазан айының ішінде педагогика ардагерлері сынып сағаттарына шақырылады.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина