Қарағандыда
  • USD 377.09
  • EUR 407.37
  • RUB 5.93
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Қарағанды қаласында 2019 жылы шахмат спортын дамыту»

06 Қараша 2019 18:25

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қарағанды қаласында 2019 жылы шахмат спортын дамыту» Жобасы бойынша қаламыздың «Қазақстан-Қарағанды» құрама командасы 28 қазан мен 5 қараша аралығында Түркияда өткен шахмат бойынша Дүниежүзілік жасөспірімдік Олимпиадаға қатысты. Команда құрамына қала оқушылары кірді: Ысқақбаев Ыбырайым, Мағзұмов Дамирали, Кенбеилов Тимур, Сапенов Даниял и Перметова Дариға. Олимпиадаға әлемнің 38 елінен 48 команда қатысты.

Дүниежүзілік жасөспірімдік Олимпиада нәтижелері бойынша Қарағандының жас шахматшылары, 4 кездесуді ұтып алып, 1 тең түсіп, 4 жеңіліп, жалпыкомандалық 26 орынға ие болды. Біздің балалар ОАР, Шри-Ланка, «Түркия-Чорум» және Қырғызстан командаларын жеңіп шықты. Солтүстік Македониямен тең түсіп, Колумбия, Монтенегро, Малайзия және Әзірбайжаннан жеңілді.

Қаламыздың жас шахматшыларын соншалықты маңызды шахмат форумында қол жеткізген жетістікпен құттықтаймыз!

Итоговая таблица