Қарағандыда
  • USD 377.86
  • EUR 418.74
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!

20 Желтоқсан 2019 17:56

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!
 
Қаламызда Senim 109 жаңа қызметі пилоттық жүйеде іске қосылғанын хабарлаймыз! Енді Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары 109 бірыңғай нөміріне хабарласып, туындаған мәселелерін айта алады. Онда ұялы телефоннан да, қалалық телефон арқылы да қоңырау шалу тегін. 
Келіп түскен өтініштер бір шешімін табу үшін Қарағанды қаласындағы 60-тан астам мемлекеттік және коммуналдық мекемелер Senim 109 қызметі жүйесіне қосылған. Senim 109 бірыңғай байланыс орталығы халыққа қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша кеңес беріп, өтінімдер мен ұсыныстарды қабылдайды:
- коммуналдық мәселелер;
- медициналық қызмет;
- білім беру;
- автотранспорт т.б. 
Senim 109 call орталығының операторлары сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін сіздердің шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды қабылдауға дайын!
Барлық өтініштер Senim 109 қызметінің мамандарымен өңделіп, бекітілген уақыт ішінде мәселені шешу үшін мемлекеттік және коммуналдық мекемелерге жолданады. 
Жаңа орталыққа Call-орталық арқылы ғана емес, «senim109.kz» порталы, «senim 109» Facebook парақшасы және «senim109.kz» Telegram бот арқылы жүгіне алады. Сондай-ақ, өтініш беруші өтініштің орындалуын порталдың жеке кабинетінде қадағалай алады. Жақын арада Instagram әлеуметтік желісінде өтініш беру мүмкіндігі туады. 
Facebook арқылы екі түрлі жолмен өтініш қалдыруға болады. Ол үшін «Senim109» Facebook парақшасының мессенджеріне хат жазу немесе «Senim109» Facebook парақшасындағы кез-келген жазба астына комментарий қалдыру керек. Өтініштің мәтіні 25 символдан кем болмауы тиіс және #senim109 хештегін белгілеу міндетті. Осы ережелер сақталған жағдайда, өтінінш автоматты түрде порталға тіркеледі.      
Қазіргі таңда Senim 109 қызметі Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарының ғана өтініштерін қабылдайды, кейін облысты қамту жоспарлануда.
@senim109.kz Instagram парақшасына жазылыңыздар!