Қарағандыда
  • USD 377.86
  • EUR 418.74
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

ҚР Тәуелсіздің Күніне арналған шағын футболдан қалалық жарыстар өтті

19 Желтоқсан 2019 17:08

Ағымдағы жылдың 12-16 желтоқсан аралығында, химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің спорт залында ҚР Тәуелсіздің Күніне арналған шағын футболдан қалалық жарыстар өтті. Жарыстар 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында болды. Жарысқа 7 команда қатысты, олардың ішінде хбб НЗМ, №52 ОМ, № 32 ОМ, №38 гимназия, № 68 ЖББМББ, «Метеор» ФМ, «Дерби» ФМ.

Ойындар қызықты өтті, балалар техника-айлалық әрекеттерін паш етіп, жеңіске деген жігерлерін танытты.

Ақтық кездесу нәтижесінде жүлделі орындар келесідей болды:

 1 орын – № 32 ОМ

 2 орын – хбб НЗМ

 3 орын – №38 гимназия

         Жеңімпаз команда кубогпен және дипломмен, қатысушылар медальдермен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар медальдермен марапатталды.