Қарағандыда
  • USD 377.86
  • EUR 418.74
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болып Рыстин Нұрлан Болатұлы тағайындалды

11 Қаңтар 2020 18:31

Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болып Рыстин Нұрлан Болатұлы тағайындалды.

Нұрлан Болатұлы 1983 жылы дүниеге келген, 2 жоғарғы білімі бар. 2004 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2018 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. “Саясаттану оқытушысы” және “Жергілікті мемлекеттік басқару” мамандықтары бойынша білім алды. Мемелекеттік қызметте 15 жылдан астам жұмыс жасайды. 

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы ретінде бастады. 2006 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы болды.

2008 жылы Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы болып тағайындалды, 2010 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат секторының меңгерушісі болды.

2011 жылы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары және 2014 жылдан бастап Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасын басқарды.