Қарағандыда
  • USD 379.75
  • EUR 415.18
  • RUB 5.78
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Құрметті қарағандылықтар! Қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

10 Ақпан 2020 17:58

Құрметті қарағандылықтар!

Қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік: экономиканы және өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамытып, әлеуметтік саланы нығайттық, көптеген жаңа, әлеуметтік нысандардың құрылысын салдық, ұйымшыл азаматтық қоғам үлгісін сақтадық.

Қарағанды - барлық деңгейдегі қала беделін нығайтуға мүмкіндік беретін, жаңа идеялар мен оң өзгерістер бастамаларының бірі болып қала береді.

Қаланың кезекті туған күнін қарсы алып, ағымдағы жылы атаулы мерекелердің қарсаңында тұрмыз. Олар – қоғамымызды біріктіріп, ұйымшылдыққа бағыттайтын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы. Ұзақ жылдар бойы өңірімізде еңбек еткен Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың үлгісімен осы атаулы мерекелерді еңбектегі жетістіктерімізбен бірлесіп лайықты қарсы аламыз. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, жоғары экономикалық нәтижелерге қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында және Қазақстан-2050 Стратегиясында алға қойған міндеттердің маңыздылығын атап өткен жөн. Әрбір қарағандылық осы мақсаттарға қол жеткізу ісіне елеулі үлес қосуда.

Қаламызда дарынды, еңбекқор адамдар: кеншілер, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, танымал спортшылар, болашағымыз - жалынды  жастар өмір сүруде. Біз ардагерлер мен қаланың құрметті азаматтарына, сонымен қатар өзінің адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен күн сайын туған қаламыздың гүлденуіне үлес қосып келе жатқан барлық азаматтарға ерекше алғыс айтамыз.

Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық тілеймін! Еңбекқорлар қаласының әр шаңырағына жылу орнап, ошақтарында бақыт оты маздай берсін. 

Туған күніңмен, Қарағанды! Мерекелеріңізбен, құрметті қарағандылықтар!

 

Қарағанды қаласының әкімі                                         Н. Әубәкіров

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы                                  Қ. Бексұлтанов