Қарағандыда
  • USD 379.75
  • EUR 415.18
  • RUB 5.78
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағанды қаласының әкімдігі "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

12 Ақпан 2020 11:44

Құрметті Қарағандылықтар!

 

Қатысушылардың жеткіліксіздігіне байланысты Қарағанды қаласының әкімдігі Қарағанды қаласы, 14 ықшамаудан мекенжайы бойынша тұрғын үй алуға Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ИҰ АҚ (бұдан әрі – ҚИК) желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Тұрғын үй құны бір шаршы метр үшін 768 теңгені құрайды

1)       I-тип бір бөлмелі – 3 пәтер (ауданы 39,74 м2 бастап 48,77 м2 дейін);

2)       II-тип екі бөлмелі – 23 пәтер (ауданы 48,09 м2 бастап 68,60 м2 дейін);

3)       III-тип үш бөлмелі – 4 пәтер (ауданы 66,12 м2 бастап 91,90 м2 дейін);

4)       IV-тип төрт бөлмелі – 3 пәтер (ауданы 76,62 м2)

Тұрғын үйді сату шарттары:

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының ережелеріне сәйкес ҚИК желісі бойынша бағдарламаның қатысушылары келесі санаттар:

1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 

2) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) оралмандар;

4) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

5) көп балалы отбасылар;

6) толық емес отбасылар.

7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1)        тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюды растау;

2)       тұрғын үйді сату шарттары бойынша тиісті кірістермен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар отбасының әрбір мүшесіне он бес шаршы метрден астам пайдалы алаң және бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадан бөлме мөлшерінде тұрғын үй болған жағдайда Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

                1) пәтердің белгілі бір түріне өтініш (бұдан әрі-өтініш));

                2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

                3) некеге тұру/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің, өтініш берушінің некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған өтініштің көшірмелері (түпнұсқа);

4) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;;

5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар (үлесі, саман және қаңқалы-қамыс түріндегі тұрғын үйлер, жатақханалардағы бөлмелер болған жағдайда), сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

6) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;

7) жалақы туралы анықтамалар (түпнұсқа);

8) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы мәліметтер (бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте);

             9) меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайындығы туралы өтініш;

                10) Заңның 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар.

                Құжаттарды қабылдау мерзімі 20.02.2020 жылғы 21.02.2020 жылғы қоса алғанда сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39-үй мекенжайы бойынша.

 

 

ЕСКЕРТУ:

 

Даулы мәселелерді, атап айтқанда берілетін құжаттар тізбесінің толықтығы мен сақталуын болдырмау үшін берілетін құжаттарды тігу және нөмірлеу ұсынылады.