Қарағандыда
  • USD 443.50
  • EUR 479.47
  • RUB 5.79
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

06 Наурыз 2020 10:19

Қала тұрғындарының назарына!

 

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар болып танылады.

Осы ұйымдарда арнайы әлеуметтік қызметтер:

1) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балаларға;

3) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы адамдарға;

4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарға көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметті алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (Поспелов көшесі 16 үй, жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін, анықтама телефондары 300169, 300228).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚКО) (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін) келесі құжаттардың қосымшасымен жүгіну қажет:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын растайтын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені (қарттар үшін талап етілмейді);

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесін (бар болса);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесін;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелері.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.