Қарағандыда
  • USD 443.50
  • EUR 479.47
  • RUB 5.79
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарта бастады.

24 Наурыз 2020 13:54

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, облыста заңмен бекітілген шектеулерді бұзу фактілері орын алуда.

Бүгінгі күні 19 әкімшілік өндірістер басталып, 18 тұлға жауапкершілікке тартылды. 9 азамат 10 тәулікке дейін қамауға алынды, 9 тұлға жалпы 236 мың теңге сомасына айыппұл төлеуге тартылды.

Атап айтқанда, а.ж. 22 наурызында Қарқаралы аудандық сотының қаулысымен, 58 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырғаны үшін аудан тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің 476-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Басқа жағдайда а.ж. 23 наурызында Теміртау қаласында кассирдің жұмыс орнында қолғапсыз және маскасыз отырғаны, кірген және шыққан келушілер арасында бөлетін барьер қойылмағаны үшін әкімшілік соттың қаулысымен «Южный» супермаркетінің директоры 10 тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, олардың қызметтері уақытша тоқтатылған алайда, 22:00 сағаттан кейін жұмыс істеген және бір мезгілде 50 адамнан артық келушілері болған объектілердің меншік иелері айыппұл және қамауға алу түріндегі жазаларға тартылды.

Құрметті азаматтар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының прокуратурасы ТЖ режимін сақтауға шақырады.

Өткізіліп жатқан іс-шараларға түсінушілікпен қарап, билік өкілдерінің заңды талаптарын орындауға және инфекцияның профилактикасына көмек көрсетуді сұраймыз.