Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қарағандыда қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша ККО онлайн отырысы өтті

29 Сәуір 2020 15:06

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қарағанды қаласының әкімдігі Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н. Р. Бикеновтың басшылығымен қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша ККО алғашқы онлайн отырысын өткізді.

Отырыс барысында ККО мүшелерінің 2019 ж. жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды еңбекпен қамту туралы (квота, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар), бұрын қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу бойынша Қарағанды қаласында қабылданған шаралар туралы және қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті жүзеге асыру бойынша 2020 жылға арналған жобалардың болмау себептері туралы сұрақтар қарастырылды.

Сондай-ақ, шараға Қарағанды облысының ҚАЖД, аудандық пробация қызметінің өкілдері, АК 159/1 басшылары, 2 ауданның прокурорлары, қоғамдық бірлестік пен мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да мүдделі органдар қатысты.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде, ККО мүшелеріне жұмысқа орналасуға мұқтаж босаған адамдарға қатысты тапсырмалар берілді. Осы санаттағы адамдармен жұмыс бойынша 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жобаны енгізу қажеттілігі бойынша міндеттер қойылды. Полиция және пробация органына бұрын сотталған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануын болдырмау бойынша бейінді жұмысты күшейтуді тапсырды.

Барлық жұмыс ККО бақылауында болады.