Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Құрметті офицер мырзалар мен сарбаздар! Қадірлі қарағандылықтар!

07 Мамыр 2020 08:35

Құрметті офицер мырзалар мен сарбаздар!
Қадірлі қарағандылықтар!
 
Бүгін - барша қазақстандықтар үшін мемлекеттік де тарихикүн. Ел өміріндегі осы айтулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында Қарулы Күштеріміздің айбары асып, айбындана түсті.
Біздің халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Туған жері мен Отанын қорғау - батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. 
Сондықтан да бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарын абыроймен атқарып келеді. 
Олардың ұрыс қабілеті артып, қазіргі заманғы қару-жарақтармен жабдықталып, әскер қатары білікті кадрлармен толығып келеді. Отанымыздың шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. 
Ең бастысы, жауынгерлеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің абыройын мен беделі көтерілді. 
Міне, осындай өз Отаны үшін қасық қанын қиятын ұланы бар,  намысы биік, жалын жүректі жастары бар елді ешкім де жеңе алмайтыны анық. Бұған адамзаттың арғы-бергі тарихы куә.
Баршаңызды мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілейміз.                       
Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған әскеріміздің айбыны арта берсін! 
Мереке құтты болсын!
 
Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров
 
Қарағанды қалалық 
мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанов